Әдістеме жасөспірімді құрдастары мен ересектердің тарапынан болатын теріс психологиялық әсеріне дейін, ақыл-ойын күшейтеді және де мақсатқа жете білу мен тәуелсіздік қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әдістеме-BF Books кітаптар сериясымен құралған. Кітаптарда жасөспірімдердің проблемалық өмірлік оқиғалары және оларды психологиялық ұсыныстар арқылы жеңу сипатталған.
Кітаптар сериясы 7, 8, 9 және 10 сынып жасөспірімдерінің жас кезеңін қамтиды. Ақпарат жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін ескере отырып берілген және мектептің ата -анасы мен психологына, жасөспірімдердің сериядан серияға төзімділігін жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік береді.
Кітаптар сериясы Қордың жастардың психикалық денсаулығын дамыту саласында, маманданған ғалымдары мен практиктері әзірледі және уәкілетті мемлекеттік органдардың мақұлдауына ие болды.
BF Books - 7, 8, 9 және 10 сыныптарға арналған жинақта немесе бір данада сатып алуға болады.
7-ші сыныптағы жасөспірімдерге арналған
Құрамында 16 кітап бар
Кітапта жасөспірімдердің үш оқиғасы баяндалады, олар күнделікті өмірде өздерін қауіпсіз сезінуді қалай үйренгендігімен бөліседі. Осы кітапты оқу арқылы, жасөспірім психологиялық қауіпсіздік түсінігімен танысады және психологтың пайдалы кеңестерін алады.
Кітапта тілдесудің сырлары ұсынылған және өмірде адамдар бір-бірін дұрыстап ести алмайтыны, өздерін тыңдатып, басқаны есту үшін не істеу керектігі туралы үш оқиға баяндалады. Кітапты оқи отырып, жасөспірім қарым-қатынас жасаудың сыртқы және ішкі мәселелерін шешу жолдарымен танысады, коммуникативті болудың не екендігін түсінеді және ұтымды қарым-қатынас жасаудың жаңа дағдыларын игеру бойынша кеңес алады.
Кітапта жанжалды жағдайда теріс эмоциялармен күрескен жасөспірімдердің үш оқиғасы баяндалады. Осы кітапты оқу арқылы жасөспірім басты кейіпкерлердің стратегияларын салыстырып, өзгелермен қарым-қатынастысақтауға және нығайтуға мүмкіндік беретін тәсілдермен танысады. «Мен-хабарлама» және «Сен-хабарлама»техникаларымен танысып, оларды болашақта қарым-қатынас жасауда қолдана алады.
Кітапта мектептегі өмірдің жағымсыз жағына тап болған балалардың оқиғалары қарастырылған және олар өзінің, достарының және үлкендердің арқасында кедергілерге қалай қарсы тұрғандарымен бөліседі. Осы кітапты оқу арқылы, жасөспірім буллинг түсінігімен танысады, психологиялық әлімжеттік жағдайына ұшырағандар өзіне көмек көрсету тәсілдері бойынша ұсыныстар алады және өзіне бағдарланған агрессияны еңсеру тәсілдерін меңгереді.
8-ші сыныптағы жасөспірімдерге арналған
Құрамында 17 кітап бар
Кітапта ғаламтор кеңістігіндегі психологиялық қысымның түрлері мен қорлау (кибербуллинг,кибермоббинг, троллинг) сипатталған. Кибербуллингтің негізгі белгілері қарастырылған. Жасөспірімдерге осындай жағдайларда сауатты әрекет ету бойынша ұсыныстар (өзін-өзі қорғау, өзіне-өзі көмек көрсету) берілген.
«Геймерлік. Ойынның қауіпке айналуы туралы» кітабында құмар ойынға тәуелділік ұғымы және оны анықтаудың негізгі белгілері сипатталады. Құмар ойынға тәуелділік салдары басқалардан қашу немесе шынайылықтан кетуді бағалауға ерекше көңіл аударылған. Компьютерлік ойындарға сындарлы емес тыйым салудан гөрі, құмар ойынға тәуелділіктің зардаптары шынайылықтан кету немесе қашу әдісі ретінде қарастыру басты назарға алынған. Сыртқы ресурстарды күшейту бойынша қарапайым психологиялық ұсыныстар берілген.
Интроверт баламен не істеу керек дегеннен бұрын, балаңыздың интроверт екеніне көз жеткізіңіз. Бұл диагноз немесе тұлғалық теріс сипаттама емес, жәй ерекшелік екенін білген жөн. Бұл кітапта жасөспірімдердің өз құрдастарынан физикалық және психологиялық тұрғыда оқшаулануы сипатталған, шарасыз және ерікті жалғыздықтың пайда болу себептері қарастырылады, мұндай жағдайда өз-өзіне көмек көрсету үшін жасөспірімдерге психологиялық ұсыныстар берілген. Ерікті жалғыздық позициясынан өзара іс-қимыл бойынша түсіндірме ұсыныстарда көрсетілген.
«Отбасы» мемлекеті» кітабында жасөспірім ата-ана мен бала, іні-әпке және басқа отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас туралы оқиғаларды табады. Басты кейіпкерлер отбасылық қарым-қатынаста қиындық туындаған кездегі эмоция және сезімдерімен бөліседі. Кітапта өтпелі кезеңдегі отбасы өзгерістерінің ерекшеліктері, отбасы құндылықтары мен ғұрыптарының қарым-қатынасқа ықпалы және отбасылық қиындықтарды шешу жолдары қарастырылған.
9-ші сыныптағы жасөспірімдерге арналған
Құрамында 16 кітап бар
«Интернет әлемі: сен үшін кім шешім қабылдайды? Өзіңді интернеттегі теріс ықпалдан қорғау туралы» кітабында діни экстремизм тобына тарту бойынша ықтимал қауіптер сипатталған. Оған қоса, манипуляцияның түрлі тәсілдері және интернет кеңістігінде ұқсас жағдайлардың алдын алу жолдары қарастырылған. Жасөспірімге виртуалды кеңістіктегі ақпаратты сыни бағалауға үйреніп, сын тұрғысынан ойлауды дамыту ұсынылған. Cонымен қатар, жасөспірім мысалға ұсынылған оқиғалардың негізінде түрлі ағымдарға тартылудың алдын алуы бойынша ұсыныстарды көреді.
Мамандық таңдау - бұл әр адамның, тіпті жасөспірімнің өміріндегі күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау мәселесі өте маңызды, өйткені көптеген адамдар бұл мәселеге тап болады. Мамандық таңдау- бұл өмірде өз орнын табу. Кітапта нақты мамандыққа бейімділікті анықтау тəсілдері қарастырылған. Оған қоса тұлғаның мүмкіндіктері негізінде мамандықтар əлеміндегі бағыттар сипатталған, қабілет пен икемділікті анықтау бойынша ұсыныстар берілген. Оқиғаларда жасөспірімдердің болашақ мамандық таңдаудағы қиындықтары мен уайымдары сипатталған.
Ата-ана ретінде сіз жасөспірімнің дана шешім қабылдағанын қалайсыз, бірақ көбінесе ол оны жасай алмайды және сіз бұл процеске араласуыңыз керек. Есіңізде болсын, ата-ана ретінде сіз жасөспірімге тым көп еркіндік пен оған шамадан тыс қамқорлық жасаудың арасындағы сызықты сақтауыңыз керек. Жасөспірімдердің шешім қабылдау дағдылары өсудің ажырамас бөлігі және, әрине, ең қиын дағдылардың бірі екенін есте ұстаған жөн. Бұл кітапта шешім қабылдау дағдылары, қабылдаған шешімдерінің салдары үшін жауапкершілік алу ересек өмірге басар маңызды қадам екені анық. Есеюді тек еркіндік пен тәуелсіздік ретінде емес, дебрестік пен жауапкершілік ретінде қарастыру сипатталған.
Кітапта еліктеу процессі мен оның салдары сипатталады. Әңгімелереде жасөспірімдер еліктеудің жеке тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ кітапта жасөспірімдердің еліктеу механизмдері, еліктеу көмек немесе тұлға дамуына кедергі ретінде және еліктеу және пір таңдау негіздері пысықталған. Позитивтік рөлдік модельдің пайдасына таңдау жасауға көмектесетін психологтың ұсыныстары қарастырылған.
10-ші сыныптағы жасөспірімдерге арналған
Құрамында 16 кітап бар
Шынайы өмірдегідей ғаламдық желіде сақтықты сақтау өте маңызды. Алаяқтардың құрбаны болмау немесе кибербуллингтен психологиялық жарақат алмау үшін кейбір ережелерді сақтап үйрену керек. «Кибер-қауіпсіздік. Интернеттегі қауіпсіздік негіздері» кітабында интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері қарастырылған, әлеуметтік желіге ақпаратты жүктеудің қауіпсіз жолдары, цифрлық дағдыларды қалыптастыру және ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілген.
«Барлығы мінсіз болу қажет пе? Қателік жасаудан қорықпау жолдары» кітабында перфекционизм, яғни мінсіздікке ұмтылу синдромы қарастырылған. Оған қоса перфекционизмнің белгілері, психологиялық салдары сипатталған. Бұл синдромнан арылу бойынша психологиялық ұсыныстар мен кеңестер берілген.
«Ғажайып сұрақтар. Өмірдің мәні және оны қалай табуға болады?» кітабында өмірдің мәнін анықтау мен рухани-адамгершілік құндылықтарын түсінуге мүмкіндік беретін Г.Бейтсон мен Р.Дилтстың нейрологиялық деңгейлер пирамидасы ұсынылған. Бұл пирамида жасөспірім өмірінің барлық аспектілерін қамтитыны қарастырылған: орта, мінез-құлық, қабілет, наным, құндылықтар, дербестік, жеке мақсат. Сондай-ақ өмірлік бағытты айқындау бойынша психолог кеңестері бар.
Жалқаулық дегеніміз не? Психология тұрғысынан негізі жалқаулық түсінігі жоқ. Бұл тұжырымдаманың артында тағы бір нәрсе жатыр - мотивацияның болмауы және сәтсіздіктен қорқу. Бірақ егер сіз жасөспірімде жауапкершіліктің жоқтығын және сабақтар мен міндеттерді кейінге қалдыруды байқасаңыз, оны қараусыз қалдырмаған жөн. Кітапта тапсырмалар мен міндеттерді кейінге қалдырудың механизмі ретінде прокрастинация түсінігі қарастырылған. Прокрастинацияның себептерін түсіну және оны болдырмау жолдары бойынша ұсыныстар берілген.